Bugin

"Қазақмыстың" қызметкері конвейерге қысылып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

"Қазақмыстың" қызметкерін конвейер қысып қалды. Оқиғаның жай-жапсарын Bugin.kz тілшісі Astana TV сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақмыс" оқиғаға түсініктеме беріп үлгерді.

"Конвейер механизмінің қысып қалуы салдарынан 1980 жылы туған конвейерші қатты жарақат алған. Жедел жәрдем оның қайтыс болғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр", - деп хабарлады компания өкілдері.

"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен ұжымдастары марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.